Денсаулық сақтау министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

Денсаулық сақтау министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, Айша бибі ауылында орналасқан фармацевтикалық өнім өндіретін «Super-Pharm» ЖШС қызметімен танысты.

Ақмарал Әлназарова жұмыс сапары аясында фармацевтика саласының жағдайын бағалап, жергілікті өндірушілермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату, медициналық бұйымдардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолдарын талқылады.

Министр Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровпен бірге «Super-Pharm» ЖШС-ның басшылық құрамымен кездесіп, кәсіпорынның өндірістік қуаты мен өнім шығару үдерісін назарға алды.

Кездесу барысында компанияның өндірістік қуатын кеңейту, фармацевтика саласына инновациялық технологияларды енгізу және медициналық бұйымдардың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.

«Super-Pharm» ЖШС — Қазақстандағы бірреттік медициналық бұйымдарды өндіретін жетекші компания. 2006 жылы құрылған кәсіпорын тоқыма емес материалдардан, пластиктен жасалған өнімдер мен шприцтер шығарады. Үш өндірістік желісі бар зауыт жылына 300 миллион дана өнім өндіре алады. Бүгінде 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Негізгі тапсырыс берушілері арасында «СК-Фармация» ЖШС және мемлекеттік, жеке медициналық мекемелер бар.

Компания алдағы уақытта өндірістік қуаттарын арттыру және жаңа желілерді іске қосуды жоспарлауда.

Сапар соңында кездесудің қорытындылары шығарылып, Жамбыл облысындағы фармацевтика саласын дамыту және одан әрі ынтымақтастық бағыттары белгіленді.

Жамбыл облысы әкімдігі
11.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 32
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 44
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 206

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35599