ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САРЫАҒАШТАҒЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖАУАПТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САРЫАҒАШТАҒЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖАУАПТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына барып, ғимараттың күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Мердігер мекеме басшысымен кездесіп, алдағы құрылыс жұмысының сапалы болуы пысықталды.
Тендерді ұтып алып, оны қосалқы мердігерлерге беріп, жауапкершіліктен қашатын компаниялардың әрекетін әшкерелеуді тапсырды. Өз ісіне жүрдім-бардым қарайтындарға қатысты қатаң шара қолдануды жүктеді.
Құрылыс өткен жылдың шілде айында басталған. Биыл сәуір айында толығымен аяқталу жоспарланған. Аурухананың жансақтау бөлімінде қазір күрделі жөндеу жүріп жатыр. Өңір басшысы сапаға басты назар аударуды, жұмыс кестесінің мерзімін қатаң сақтауды ескертті.
– Жылдамдатыңыздар. Бірақ, бұл сапаға кері әсер етпеуі тиіс. Аурухананы жөндеу оңай емес екені түсінікті. Қыруар қаржы құйылған құрылыс елге ұзақ уақыт қызмет етуі керек. Ісіне салғырт қарағандар олқылықтың орнын толтыруға міндетті. Сол себепті жанашырлық танытқан дұрыс болар. Жалпы, қолдарынан іс келмейтіндерді мұндай жауапты іске жолатпау керек. Басталған іс аяғына дейін жетуі тиіс. Біздің басты талап – жұмыс сапасы болып қалатынын ұмытпаңыздар, – деген әкім бөлінген ақшаны уақтылы игеріп, нысандарды мерзімінде тапсыруды ескертті.
1989 жылы салынған медициналық нысанның жалпы алаңы 10512,5 шаршы метр. Жер телімі – 5,5 га. Соңғы рет 2006 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Мердігер мекеме – «АГС-ПЛАСТ» ЖШС.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
17.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594