Чубайс өз еркімен Путиннің арнайы өкілі қызметінен кетті

Чубайс өз еркімен Путиннің арнайы өкілі қызметінен кетті

Ресей президентінің тұрақты даму жөніндегі арнайы өкілі Анатолий Чубайс өз еркімен қызметінен кетті, – деп хабарлайды РИА НовостиБірқатар БАҚ оның Ресейден кеткенін мәлімдеді.

Bloomberg басылымы екі ақпарат көзіне сілтеме жасап, Чубайс "Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға соғыс ашқанымен келіспейтінін айтып, өз еркімен отставкаға шығып елден кетті" деп жазды.

 

"Иә. Чубайс өз еркімен отставкаға кетті. Кету, кетпеу бұл оның - жеке ісі", – деп түсіндірді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

 

Bloomberg басылымы 66 жастағы Чубайсты Путин үкіметіндегі Батыс шенеуніктерімен тығыз байланыста болған 1990 жылдардағы санаулы экономикалық реформаторлардың бірі деп атады. Чубайс тұрақты даму жөніндегі елші етіп тағайындалғанға дейін ірі мемлекеттік компанияларда басшылық қызметтерді атқарған.

Бұған дейін журналист және тележүргізуші Владимир Познер Бірінші арнада Анатолий Чубайспен болған сұхбатты есіне алды. Журналист Чубайстың ресейліктердің оған деген жеккөрушілігі туралы сұрақ қойған кездегі ерекше әрекетін есте сақтап қалғанын айтады.

24.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594