БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТЕКСЕРУ КҮШЕЙТІЛГЕН

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТЕКСЕРУ КҮШЕЙТІЛГЕН

Есеп комитеті биыл 3,4 трлн теңге бюджет қаржысын қамтитын тексеріс жүргізіпті. Бұл – Есеп комитеті басшысының берген  мәліметі. 

«Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады», – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Кездесу барысында Президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берілді. Осы кезеңде барлығы 3,4 трлн теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген.

«Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 трлн теңге қаржысы қамтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды», – деп жазды Ақорда.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 129
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 137
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 418
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 815

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18321
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18185
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33372
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31921
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35674