БҰЛ ҚАЗАҚСТАН – КӨЗ ЖАСЫНЫҢ МҰХИТЫ

БҰЛ ҚАЗАҚСТАН – КӨЗ ЖАСЫНЫҢ МҰХИТЫ

Депутаттық айналған ба модаға?

Кіл қалталы кандидаттар додада.

Байлар болса Парламентте депутат,

Бұл Қазақстан "жаңа" деуге бола ма? 

 

Мен, мысалы, миллионы жоқ кедеймін,

Байға барып: "қарызға бер" демеймін.

Бір миллион елу мыңды қалайша,

Кандидат боп тіркелуге төлеймін?

 

Уа, көңілім, күйреп-сынып қалмашы,

Уа, кедейлік, алқымымнан алмашы.

Бір миллион елу мыңдай теңгеңіз –

Мәжіліске сайланудың жарнасы!

 

Кіл кандидат бай болудан жалыққан,

Арасында бір адам жоқ тарыққан.

Кандидаттар қалай шықпақ бұндайда

Каспи редпен күнін көрген халықтан?

 

Бұл сайлауың елемеу ме кедейді?

Миллионерлер болсын деген мерейлі?

Ақшасы бар депутаттар ешқашан,

Ақшасы жоқ халық қамын жемейді.

 

Кілең байлар кедей хәлін ойламас,

"Тоқ балаңыз аш баламен ойнамас".

Бұл Қазақстан – көз жасының мұхиты,

Тереңіне олигархтар бойламас. 

 

Халықтікі – Қазақстанның несібі.

Жыламасын жетімі мен жесірі. 

Көз жасының мұхитына батпасын,

Халқымыздың қасиетті бесігі.

 

Халық көз жасының мұхитында олигархтардың желкенді кемелері қашанғы жүзеді? Жаңа Қазақстан сол кемелерді су түбіне батыратын Қазақстан болуы керек.

Балтабек Нургалиев ФБ парақшасынан
04.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 351
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 340
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18254
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18113
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33303
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31854
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35571