Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл

Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл

Абай облыстық әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ сессиясы өтті. «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» деген атаумен ұйымдастырылған жиында аймақтағы этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттар бас қосты. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының 43 мүшесі қатысып, сессия заңды деп танылды.

Жиынды облыс әкімі Берік Уәли ашып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы орны мен 30 жылда атқарған ауқымды жұмысына тоқталды. Аймақ басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ассамблеяға берген бағасын келтіріп, ұйымның ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.

Сессия барысында Мемлекет басшысының мерейтойлық сессияда берген тапсырмаларын өңірде жүзеге асыру жолдары пысықталды. Олардың қатарында облыстағы Достық үйлерін туристік нысандар картасына енгізу, этномедиация институтын қолдау, этностық БАҚ-ты дамыту, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және Семейдегі Федор Достоевский музейінің танымалдығын күшейту секілді бастамалар бар.

Жиында бірқатар қатысушы ой бөлісті. «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Лилия Гончарук, ҚХА мүшесі Мадияр Насыров, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Қазбек Хасаев пен «Ассамблея жастары» қозғалысының мүшесі Ульяна Абашева Ассамблеяның атқарып жатқан жұмысына тоқталып, мемлекеттік тілді дамыту, жастарды қолдау, этносаралық келісімді нығайту бағытында пікір білдірді.

Мадияр Насыров өз сөзінде Абай облысында Достық үйлерінің қатары артып жатқанын, соның ішінде Маңғыстау облысының Семейге тарту еткен жаңа нысаны халықтар достығының нақты көрінісі екенін айтты. Бұл – биылғы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыс.

Айта кетейік, бүгінде Абай облысының 5 өңірінде Достық үйі жұмыс істейді. Онда 46 этномәдени бірлестік орналасқан. Жалпы, облыстық Ассамблея құрылымында 100-ден астам қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Облыс құрылғаннан бері Ассамблея тарапынан үш мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 154 мыңнан астам адам қатысқан. Бұл – өңірдегі қоғамдық келісім мен татулықты нығайту жолындағы жүйелі жұмыстың көрсеткіші.

Сәруар ҚАБДОЛЛА
14.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572