Креативті индустрияларды дамыту қорының Басқарма төрағасы Ерлан Ермекұлы Каналимов мырзаға аяулы анасы Жазира Әбілқасқызының қайтыс болуына байланысты «Qazaqstan dauiri» ЖШС ұжымы қайғыра көңіл айтады.
Жазира Әбілқасқызы 7 қыз бен 4 ұлды дүниеге әкелген аяулы ана. Бүгінде сол балаларынан тараған 46 немере мен 70 шөбересі Жазира ананың аялы алақанынан бастау алған үлкен әулеттің алтын арқауын жалғап келеді. Бұл – бір ананың мейірімінен өрбіген тұтас бір әулет, тамырын тереңге жайған алып бәйтеректің мәуелі бұтақтары. Ардақты әженің ұрпағына сіңірген тәлім-тәрбиесі мен ізгі қасиеттері немере-шөберелерінің бойынан жалғасын тауып, ұрпақтар сабақтастығының асыл өзегіне айналды. Ел ішінде кең пейілімен, сабырлы мінезімен және ақжарқын болмысымен қадірленген Жазира Әбілқасқызы – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл ардагері еді. Оның аналық еңбегі мен өнегелі өмір жолы мемлекет тарапынан да лайықты бағаланды. Ол 1977 жылы «Батыр ана» орденімен марапатталып, «Алтын алқа» иегері атанды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60, 65, 70 және 75 жылдығына арналған мерейтой медальдарымен марапатталған.
Құрметті Ерлан Ермекұлы осынау ауыр сәтте, өзіңізге, бауырларыңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат пен төзімділік тілейміз. Анамыздың рухы пейіште шалқып, иманы жолдас болсын. Артында қалған жақындарына Алла ұзақ ғұмыр берсін.
«Qazaqstan dauiri» газеті,
«Мөлдір бұлақ» журналы және
«Елана» сайты ұжымы
















