БАСПАНА - БАҚЫТ МЕКЕНІ

БАСПАНА - БАҚЫТ МЕКЕНІ
 
Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – баспана мәселесін барынша шешу. Халықты тұрғын үймен қамту саясаты Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында.
🔰Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде облыста тұрғын үйлер салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.Жаңатас қаласы да жыл санап қайта жанданып, тұрғындар саны артып келеді. Осы орайда, тұрғын үй кезегіне де сұраныстың артып отырғаны белгілі.
🔰Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай және 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніндеЖаңатас қаласындағы М.Сұлтанғазиев көшесіндегі №3 және №7 тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді.
🔰Пәтер кілтін табыстау салтанатында аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады. Бұдан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді.
🔰Жаңа пәтерге ие болған азаматтарға пәтер кілттері салтанатты жағдайда табысталды. Мерейлі сәтте шад -шадыман күй кешіп, пәтерге ие болған тұрғындардың атынан Әбдісадық Ахметов сөз сөйлеп, мемлекет саясатын іске асыруда қолдау көрсеткені үшін аудан басшылығына алғысын білдірді. Жаңа тұрғын үйдің лентасы салтанатты жағдайда кесілді.
Ұлбике Әлібекқызы , Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
07.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572