Ауыл кітапханаларына 500 кітап сыйға тартылды

Ауыл кітапханаларына 500 кітап сыйға тартылды

Мемлекет басшысы «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы аясында Жамбыл облысындағы ауыл кітапханаларына кітап сыйлады. Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев кітапхана басшыларына Президенттің тартуын табыс етті.

Президент мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаеваның - 126 жылдығына орай Т.Рысқұлов ауданы Луговой станциясына, қазақтан шыққан тұңғыш әйел дипломат Балжан Бөлтірікованың – 103 жылдығы аясында Қордай ауданы Әлжан Ана ауылына және композитор Сыдық Мұхамеджановтың – 100 жылдық мерейтойына орай Меркі ауданы Ойтал ауылына сый кітаптар жіберді.

Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай ақын, сатирик Шона Смаханұлының –100 жылдық мерейтойы аясында Талас ауданы Ойық ауылына және журналист, жазушы Қарауылбек Қазиевтің – 85 жылдығына орай Шу ауданы Көктөбе ауылына кітаптар жолдады.

Аталған 5 ауылдық кітапханаға қазақ әдебиетінің үздік туындылары, танымдық-ағартушылық еңбектер, балалар әдебиеті, сұранысқа ие авторлардың шығармалары топтастырылған 100 кітаптан сыйға тартылды.

Айта кетейік, акция шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Жамбыл облысы әкімдігі
12.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 63
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 70
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 374
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 215

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18273
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18131
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33322
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31875
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35614