АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫ – 2025: ДӘСТҮР МЕН ДАМУДЫҢ ҮЙЛЕСІМІ

АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫ – 2025: ДӘСТҮР МЕН   ДАМУДЫҢ ҮЙЛЕСІМІ

Ақтөбедегі «Шығармашылық академиясы» ғимаратында «Ауыл әйелдері форумы – 2025» іс-шарасы өткізілді. Ауылдан шыққан табысты әйелдердің басын қосқан форум бизнес, дәстүр, инновация секілді үш негізгі бағытты қамтыды. 

Форум аясында түрлі салада еңбек етіп, айтарлықтай жетістіктерге жеткен әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ауылдағы әйелдердің әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту мен ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелерін талқылады.

Форумның ашылуында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының төрағасы Әлібек Базарғалиев, облыстық басқарма басшылары құттықтау сөз сөйлеп, ауыл әйелдерінің қоғамдағы рөліне тоқталды.

Облыстық мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясы жанындағы «Мейірім құшағы» республикалық комиссиясының мүшесі Кәмшат Шәкірбекованың айтуынша, мұндай іс-шаралар ауыл әйелдерінің жеке кәсібін бастауына септігін тигізеді. 

– Мақсат – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, аграрлық саладағы тауарлық-несиелендіру жүйесін түсіндіру, жетістікке жетіп жүрген кәсіпкер әйелдердің өз тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік беру. Ауыл әйелдерінің барлығына бірдей мемлекет тарапынан берілетін қолдау, көмек, қаржыландыру мәселелері жөнінде ақпарат жете бермейді, сондықтан, осындай іс-шаралардың маңызы зор. Сонымен бірге ауыл әйелдері кәсіпкерлігін арттыру үшін ауыл әйелдерінің іскерлік комиссиясын құрып жатырмыз, – дейді ол.    

Форум аясында кәсіпкер әйелдердің қолынан шыққан өнімдер – тағам, тұрмыстық бұйымдар, қолөнер және инновациялық жобалар жұрт назарына ұсынылды.  Жиын барысында әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға тарту және дәстүр мен жаңашылдықты сабақтастыру мәселелері көтерілді.

Бұл форум – ауылдағы белсенді, жігерлі әйелдердің қоғамдағы ролін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

М.ТАБЫН, 

Ақтөбе облысы

 

27.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14977
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14876
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30022
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28640
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32205