Әуезов театрының 96-маусымы

Әуезов театрының 96-маусымы

Қазақ драматургия ордасының жаңа маусымы «Абай»  спектаклімен ашылды.

 Баспасөз мәслихатына М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б. Тұрыс, режиссер А. Оспанбаева  қатысты.

Өз сөзінде театр басшысы Еркін Жуасбек: «Спектакль дегеніміз – тірі организм. Қандай туынды болмасын ол жаңа дүние. Ең бастысы оның айтары бүгінгінің шындығы болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда біз осы маусымда көрерменге екі жаңа спектакль ұсынғалы отырмыз. Оның бірі – «Қан мен тер». Өткен ғасырда қазақ театр өнерінің бөлшегіне айналған үлкен спектакль болған. Біз осы пьесаға оралып, «Қан мен тер. Ақбала» деген атпен көрсеткелі отырмыз. Ол кездегі бас кейіпкер – Еламан. Біз әйел мәселесін көтеріп, Ақбаланың образын жасап, жаңа дүние көрсетпекпіз. Бұл үлкен психологиялық драма болады деген үміттеміз» деді. Сондай-ақ театр директоры Е. Жуасбек көрермендерді қарашаңырақ өнер ордасының 96-маусымының ашылуымен құттықтап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен бірге көрермендер назарына театрдың қырық жылдық тарихынан сыр шертетін «Сахна сәттері» көрмесі ұсынылды. Көрме барысында белгілі фотограф Қалиғұмар Қабдешев өз фотоальбомын театрға сыйға тартты.

Қазақ өнеріндегі жаңашыл бағыттар жайлы сұрағымызға Бекжан Тұрыс: «Кез келген ұлттың өнері өзі үшін қажет. Әрбір ұлт өткенін қадірлеп, бүгінгіге толғанып, ертеңінің қамын жеп отыруы керек. М. Әуезов театры ұлттық өнердің қара шаңырағы және ұлттық академиялық театр болғаннан кейін театр ұлттық мүдде жайлы бағытынан жаңылмауы керек деп ойлаймын. Театрымызда эксперименттер жасауға «Кіші залымыз» бар. Жаңалық жасаймыз деп жаңылып жатқандар көп. Театр өзінің көркем өнерін ұстап қалуы үшін классикалық туындылар болсын, М.Әуезов, Қ.Ысқақ, О.Бөкей болсын, бұндай ұлы шығармалар біздің театрға қажет дүниелер» деп жауап берді.

Дидар ҚАЙРАТ
15.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572