Ашхабадта Махмұд Қашқари тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті

Ашхабадта Махмұд Қашқари тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті

2025 жылдың 15 қазан күні (Түрікменстан) Ашхабад қаласында Мақтымқұлы Түрікмен мемлекеттік университетінде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, Түрікменстанның ЮНЕСКО ісіндегі ұлттық комиссиясы және Түрікменстан Ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Махмұд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрік” шығармасындағы бейбітшілік пен сенімнің рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті.

«Әдебиет және өнер» порталының хабарлауынша, конференция 2025 жылдың «Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы» деп жариялануына орай және Түрікменстанның тұрақты бейтараптық саясатының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының жоба жетекшісі Лейла Гасанова жиналғандарды құттықтап, қор президенті Ақтоты Райымқұлованың ресми құттықтау хатын оқып берді:

«Әзербайжан Республикасының Қабала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы (TМҰ) мемлекет басшылары кеңесінің 12-саммиті кезінде Түрікменстанның Қордың бақылаушы мемлекет мәртебесіне ресми түрде қабылдануы зор қуаныш себебі болды. Түрікменстанның Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры отбасының мүшесі болғанына үлкен құрмет тұтамыз».

Хаттың жалғасында мынандай ой айтылған: «Махмұд Қашқаридың әлемдік филология мен түркі мәдениетіне қосқан үлесі өте құнды. “Диуани лұғат ат-түрік” – жай ғана сөздік емес, бүкіл түркі тілінің, ойлау жүйесінің және өмір философиясының энциклопедиясы. Бұл – талассыз факт», – делінген Ақтоты Райымқұлованың хатында.

Лейла Гасанова сонымен қатар Қордың аталмыш іргелі еңбектің 950 жылдық мерейтойына орай жүргізіп жатқан жобалары туралы мәлімет берді.

Пленарлық отырыста Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Иса Хәбиббейлі (онлайн форматта) және Түрікменстанның ЮНЕСКО ісіндегі ұлттық комиссиясының жауапты хатшысы, Түрікменстан Батыры, философия ғылымдарының кандидаты Чынар Рүстемова сөз сөйлеп, Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» шығармасының түркі дүниесінің рухани және ғылыми мұрасындағы айрықша орнын атап өтті.

Конференция екі сессиядан тұрды: «Махмұд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрік” шығармасындағы бейбітшілік пен сенімнің рөлі» және «Махмұд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрік” шығармасының филологияға қосқан үлесі».

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Молдова, Біріккен Араб Эмираттары, Иран Ислам Республикасы, Үндістан және басқа елдерден келген жоғары дәрежелі ғалымдар қатысып, Махмұд Қашқаридың еңбегінің филологиялық және мәдени маңызы, оның гуманитарлық ғылымдардың дамуындағы рөлі, халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға қосқан үлесі талқыланды.

 

21.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 256
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 248

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18911
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18779
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33945
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32496
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36300