Ақмолалықтар егін жинау науқанын еңсеріп барады

Ақмолалықтар егін жинау науқанын еңсеріп барады

Егін жинау науқанын  Ақмола облысының ауыл еңбеккерлері қарқынды бастаған еді. Сол қарқынан танбаған алқап иелері 5 млн гектар алқаптан  5 млн тоннадан астам  астық жинап үлгерді. Жалпы  егін себілген алқап 4681,4 мың га болса, қазіргі жағдайда оның 61,1 пайызын игерді. Гектар түсімі 15,6 центнерді құрады. Жиналған астықтың басым бөлігі жоғары сапаға сәйкес дейді.  Өңірде жауын-шашын соңғы күндері көбейіп тұр. Осыған сай алқап иелерінің басты мақсаты – жайлы күндерді тиімді пайдаланып,  жиын-терімді уақытында аяқтап, сапалы өнім алу. 

Сонымен қатар, сапалы тұқым дайындауда басты назарға алынып, келесі жылғы егінге астық және бұршақ дәнді дақылдардың шамамен 486 мың тонна тұқымы дайындалды. Тұқым дайындау жоспар бойынша  539,8 мың тонна болса, оның 90 пайызы дайын болыпты.  

Биылғы  егін себілген алқап көлемі 5,5 млн га болса, 2024 ж. – 5,2 мың га.  Бұл өткен жылғы деңгейден 300 мың га артық.

Биын облыс диқандары минералды тыңайтқышты енгізу көлемін үш есеге арттырды, онда 2023 жылы – 111 мың тн, 2024 жылы – 258,5 мың тн, 2025 жылы – 336,1 мың тн. Жоғары өнімді тұқым 51 мың тоннаға артық егілдіп, 2024 ж. – 488,4 мың тн, 2025 ж. 539 мың тоннаға жеткізіпті.   

Салыстырмалы есеп бойынша  майлы дақылдардың көлемі 2,5 есеге артып, алғаш рет 495 мың гектарды құрады. Нақтыласақ,  2023 жылы – 197,8 мың га,  2024 жылы – 267,7 мың га, 2025 жылы 495,4 мың га болды.

Озық үлгідегі техникалармен қатар, тәжірибелі мамандардың тыңғылықты еңбектенуі   ауылшаруашылығы дақылдарының түсімін арттырумен қатар сапасына жақсы әсер етіп, егінді ысырапсыз жинауға зор  ықпал етуде дейді мамандар. 

Егін жинау науқанына қазіргі заманғы жоғары өнімді техникалармен қатар,  7 мыңнан астам астық жинау комбайны, оның ішінде: қазіргі заманғы жоғары өнімді комбайндар – 4,8 мың, шамамен 2,7 мың орақ және 4,8 мың жүк көлігі алқапта жүрсе керек.  Фермерлер үшін 94 мыңнан астам тонна  жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, арнайы  кесте бойынша жеткізіліп, науқан барысына  еш кедергі келмеген.   

Жаңа өнімді қабылдау және сақтау үшін қамбалар  жеткілікті көлемде дайындалғаны мәліметте анық көрсетіліпті.  Қамбалардың  жалпы сыйымдылығы 7,2 млн тоннаны құраса, оған   4,3 млн тонна өнім сиятын – 66 АҚП, 2,9 млн тонналық  АШТӨ  және 1,5 мың астық сақтау қоймалары қамтылады екен.

Жиналған астықты 264 кептіргіш кептіретін болса, олардың жалпы өнімділігі сағатына – 9,7 мың тн, тәулік  өнімділігі – 235 мың тонна. 

Сондай-ақ, ылғалды және құрғақ астықты сақтауға арналған, ұзын астық қаптары пайдаланылады. 264 астық кептіргіш қолданылуда. Осы қарқыннан таймаса, ақмолалық алқап иелері, егін жинаудың межелі мерзіміне жақындап қалды.  

Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды)
26.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 348
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 493
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 337
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 197

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568