Алтын ұя

Алтын ұя

Отбасы – адамның алғашқы тәрбиесін алатын алтын ұясы. Әрбір жан үшін отбасы – мейірім мен жылулықтың, қамқорлық пен сүйіспеншіліктің қайнар көзі. 

Менің отбасым – менің мақтанышым. Үйімізде біз – үш қызбыз. Бізді өмірдің қиындықтарынан қорғап, бағыт-бағдар беріп отырған асқар тауымыз – әкеміз Алтай. Әкеміз – отбасының тірегі, ақылшысы әрі қамқоршысы. Ол бізге еңбекқорлықты, адалдықты, табандылықты үйретеді. Әкеміздің әрбір айтқан ақылы – өмірімізге бағыт беретін шамшырақ.

Анамыз Мөлдір – біздің жүрегіміздің жылуы, отбасының берекесі. Ол мейірімділігімен бізге өмірдің ең құнды сабақтарын үйретеді. Анамның шуағы әрқашан бізді жылытып, қолдау көрсетіп тұрады. Қазақта «Ана – үйдің берекесі, әке – үйдің тірегі» деген дана сөз бекер айтылмаған.

Отбасымыздың тағы бір ардақты мүшесі – Тұрсынкүл әжеміз. Әжеміз қазақ ауылында тұрады, ол – нағыз даналықтың үлгісі. Әжеміз бізге ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты үйретіп, тәрбиемізге ерекше көңіл бөледі. Әжеміздің айтқан ертегілері мен ақыл-кеңестері жүрегімізде мәңгі сақталады. Қазақта «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген нақыл сөз бар, осы сөздің мағынасын бізге алғаш түсіндірген де әжеміз.

Үш қыз болғандықтан, біз үйде үнемі бір-бірімізбен сыр бөлісіп, ойымызды еркін айтып отырамыз. Арамыздағы мейірімділік, сыйластық отбасымыздың қуатын арттырып, шаңырағымызды шаттыққа бөлейді. 

Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат қазына. Отбасындағы жылулық, сүйіспеншілік, мейірім адам жүрегінде мәңгі сақталатын құндылықтар. Отбасын қадірлеу, ата-ананы құрметтеу, бауырлармен тату болу – әрбір адамның басты парызы. Отбасы – бақыттың бастауы!

 

Толғанай АЛТАЙҚЫЗЫ, 

Жамбыл облысы,  Меркі ауданы

 Жамбыл ауылы 

Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 ЖББМ-нің

11 «Ә» сынып оқушысы

 

28.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584