«Алмалы» оңалту орталығында кешенді қызмет көрсетілмек

«Алмалы» оңалту орталығында  кешенді қызмет көрсетілмек

Атыраудағы «Алмалы» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамыр айында жұмысын бастаған болатын. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған орталық бір мезгілде 150 адамға дейін қабылдап, кешенді оңалту қызметтерін көрсетуге қауқарлы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлапи отыр.

 

Орталық директоры Анар Каюпованың мәліметінше, күні бүгінге дейін мұнда 96 азамат оңалту курсынан өткен. Әрбір қызмет алушының денсаулық жағдайына сәйкес жеке оңалту бағдарламасы әзірленіп, тәжірибелі мамандардың қатысуымен қажетті емдік және сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Мекемеде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-мәдени бағыттар бойынша кешенді қызметтер ұсынылады.

– Қазір орталықта 85 маман еңбек етеді. Олардың қатарында дәрігерлер, мейіргерлер, психологтар, логопедтер, дефектологтар және өзге де бейінді мамандар бар. Сонымен қатар мекемеде бассейн, гидротерапия, физиотерапия, парафинмен емдеу, механотерапия кабинеттері және арнайы жабдықталған спорт залдары жұмыс істейді, – дейді орталық директоры.

Сондай-ақ емдік дене шынықтыру залы заманауи тренажерлармен жабдықталған. Бұл қызмет алушылардың физикалық белсенділігін арттырып, денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Орталықта медициналық оңалтумен қатар азаматтардың қоғамға бейімделуіне де ерекше көңіл бөлінеді. Еңбек терапиясы арқылы олардың әлеуметтік және еңбек ортасына бейімделуіне жағдай жасалған. Бұдан бөлек, қызмет алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында заманауи компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Мұнда олар цифрлық технологияларды меңгеріп, компьютерлік дағдыларын жетілдіре алады.

А. ХАМИТТЕГІ,

Атырау облысы

 

10.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26976
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26429
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43783
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39565
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44144