Алаш үшін азап шеккен - Әлихан!

Алаш үшін азап шеккен - Әлихан!

Осыдан 80 жылдай бұрын Мәскеудегі НКВД-ның Бутырка түрмесінде Алашы үшін азап шеккен Әлихан атамыз тұтқын анкетасын өз қолымен толтырғанда мамандығын журналист, аудармашы деп көрсеткен. Револю­ция­дан кейін қазақтың Алашорда Үкіметінің төрағасымын деп тайға таңба басқандай жазып кетіпті. 

  

Тізесін бүкпеген, айылын жи­маған, ешкімнен қаймықпаған. Қазақ­тың талай арысы жапон шпионы деген жаланы азапқа шыдамай мо­йындағанда, жалғыз Әлекең ғана сынбапты. Рухы тасты да шабатын алдаспандай болғаны ғой. Ленин анкетасында мамандығын «журналист» деп, Сталин «марксист» деп жазыпты. Бұл екеуі де негізгі мамандықтары басқа бола тұра, журналист болған. Ленин «­Искра» газетін шығарып, өзі редактор болса, Сталин бүкіл мақалалары мен сөйлейтін сөздерін өз қолымен жазған. Осы екі тұлғаны да Әлихан атамыз көзіне ілмеген. Әлекеңді әуелі Бутыркаға қамап тастағанда ескі марксист, Сталинге сөзі өтетін қарт бәлшебек, Маркстің өзін көрген В.Шелгунов: «Әй, Коба, кімді тұтқында ұстап отырсың?» деп босаттырыпты. Әлихан атамыздың үйқамақта болуы содан. Бірақ ақырында НКВД Нығмет Нұрмақов екеуін бір күнде атып тастаған. 

  

Әлихан Бөкейханның Ленинді де, Сталинді де бойына теңгермегеніне тағы бір дәлел бар. Ленин Алашорданы ақтап, кешірім жасағаннан кейін Қазақ елінің атынан Ресеймен келіссөз столына Алашорда Үкіметі отырады. Әлекеңнің өзі баратын жөні бар ғой. Бармайды. Алаш арыстарының ішіндегі ең жасы - Әлімхан Ермековті жібереді. Ленинмен төрт сағат ырғасқан Ә.Ермеков Қазақстанның осы бүгінгі шекарасын шегелеп, басқа да көп шаруаны тындырып шығады. Сонда Ахмет Байтұрсынов айтты деген сөз бар. «Ленинің біздің Әлімханмен төрт сағатқа сөйлесуге жарады. Осал емес екен» деген екен. 

  

Университетте Ленин 6 тіл біледі деп оқытқан. Біздің Әлихан атамыз 9 тілде еркін сөйлеп, көсіліп жазған. Францияның күні бүгінге дейін шығып келе жатқан «Фигаро» газетіне француз тілінде 1930 жылы екі мақаласы жарияланған көрінеді. Шіркін, тауып әкелсе ғой. Сонда кім мықты? Әлекең бе, Ленин бе? 

  

Амал нешік, бәрі НКВД-ның қызыл қасабында құрбан болды. Не дейміз? 

Бүгінгі ұрпақ осы Алаш арыстарындай болса екен деп армандаймыз. 

Мағауия Сенбай
10.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594