ӘКІМ ҚЫЗЫН ЕКПЕ ЕКТІРУГЕ ӘКЕЛДІ

ӘКІМ ҚЫЗЫН ЕКПЕ ЕКТІРУГЕ ӘКЕЛДІ

Бала денсаулығына ата-анадан жауапты жан жоқ.  Олар баланың шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, есейіп, отау тіккенше өміріне алаңдап отырады.

Ал әлемге тізесін батырған коронавирус індеті қылаң берген шақтан бастап, ата-ананың көзі құлыншағынан еш таяр емес. Дегенмен, індетті ауыздықтаудың жалғыз жолы - вакцинациялау. Бұл бала болашағына сенімді қадам. Соңғы уақытта ата-аналар жасөспірімдер мен жүкті және бала күтіміндегі аналарға салынатын америкалық "Pfizer" екпесіне деген қозқарасы өзгеріп, екпе қабылдауда белсенділік танытуда.

Бүгін Бесағаш ауылдық округінің әкімі Бейбіт Нигматуллаев қызы Гаухар Бейбітқызына екпе ектіртті.

Ауылдық округке екпе ектіруге келген жылжымалы диагностикалық кешенде екпе қабылдаған Гаухар жарты сағат дәрігерлердің назарында болды.

 – Әлемге жайлаған індеттің салқынын сезінгеннен кейін айналаға қарайласып қалдық. Отбасымызбен барып екпе қабылдағанымыз бар. Бүгін қызымды ертіп, екпе қабылдаудан сәтті өттік. Ешқандай жайсыздық сезінген жоқ. Барша ата-аналарға баланың болашағы үшін екпе ектіруге шақырамын, - дейді Бейбіт Сұңғатұлы.

Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың айтуынша, өңірге 630 доза екпе жеткізілсе, бүгінде оның жасөспірімдерге 286 дозасы, жүкті әйелдерге 20, бала емізетін әйелдерге 84 дозасы салынған.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594