Абаттандыру мен әлеуметтік мәселе назарда болады

Абаттандыру мен әлеуметтік мәселе назарда болады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде қаланың санитарлық тазалығы, бюджеттің орындалуы, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және құрылыс-сәулет саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Шаһар басшысының басты назары аудандардың абаттандырылуы мен тұрғындардың әл-ауқатына бағытталды.

Аппарат кеңесінде ең әуелі қала тазалығы мәселесі көтерілді. Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төреханов өз баяндамасында аудан аумағындағы абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, көшелер мен аулаларда тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, жинақтау және тиісті орындарға жеткізу жұмыстары тұрақты бақылауда, сондай-ақ заңсыз төгілген құрылыс қалдықтарын шығару жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Есепті кезеңде ауданда 10 мыңнан аса адамды және 150-ден аса техниканы тарта отырып, барлығы 24 сенбілік ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 690 тонна күл-қоқыс қала аумағынан тыс арнайы орындарға шығарылды. Аудан әкімі тамыз айында «Ақбұлақ», «Қаратау», «Жайлау», «Салтанат», «Қарасу», «Самал» шағынаудандарында өткен жалпы қалалық сенбілікте арық-каналдардың тазаланып, талдардың түптерінің балақтанғанын атап өтті. 

Келесі кезекте Жібек жолы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Олжабаев та тазалық жұмыстарының барысына тоқталды. Ол аудан аумағындағы аялдамалар мен көшелер бойы, аулалар тұрақты түрде тазаланып жатқанын мәлімдеді және қыркүйек айының басынан бері шығарылған жалпы қоқыс көлемі 710 тоннаны құрағанын айтты. Нұрлан Кенжебекұлы аудандағы кәсіпкерлік нысандар мен мемлекеттік мекемелердің күнделікті өз аумақтарында тазалық жұмыстарын атқаруын қадағалау және көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына апта сайынғы сенбілік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды екенін атап өтті. 

Санитарлық тазалықтан кейін қаланың сәулеттік келбетіне қатысты мәселе қаралды. Қала әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дина Раманқұлова заңсыз орналасқан дүңгіршектерді алу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Бұл бағыттағы жұмыстар қаланың келбетін ретке келтіру және қоғамдық орындарды босату мақсатында жалғасатын болады. Кеңесте сонымен қатар 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен Тараз қаласы бюджетінің орындалуы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілу барысы, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, білім мекемелерінде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары, қала көшелерінде орналасқан көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі және тұрғын үй көмегі секілді маңызды мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. 

Жиынды қорытындылаған шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков аудандардың тазалығы айрықша назарда екенін атап өтіп, баяндамаларда айтылған кемшіліктерді жоюды және жоспарланған жұмыстарды уақытылы орындауды қатаң талап етіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Қабылданған шешімдер мен жүктелген міндеттер Тараз қаласының 2025 жылғы даму жоспарларының тиімді іске асуына және тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруына негіз болмақ.

 

Арайлы жақсылық, Жамбыл облысы
16.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 79
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 74

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18769
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18633
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33800
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32343
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36148