Абайдың тойын жоғары деңгейде өткізуіміз керек

Абайдың тойын жоғары деңгейде өткізуіміз керек

Жуырда Абай ауданына барып, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар туралы тұрғындарға есеп бердім. Биыл ауданда Абайдың 180 жылдығы аясында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар», «Семей-Қарауыл», «Қарауыл-Архат» бағыттарындағы жолдардың бірнеше учаскелері жөнделуде. Сонымен қатар Архат, Кеңгірбай би және Құндызды ауылдарындағы су құбырлары қайта жаңғыртылады. Осы жылы ауданда 8 мектеп жөнделіп, 3 мектепке пәндік кабинеттер мен автобус беріледі. Балалар лагерінің құрылысы жалғасып жатыр. Саржал мен Көкбай ауылдарында спорт модульдері салынуда.

Абай ауданының орталығы Қарауылда Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсетуге арналған 50 орындық жаңа оңалту орталығының ашылуына қатыстым. Жергілікті азамат Сейфолла Рахымбаев жеке меншігіндегі екі қабатты ғимаратты мемлекет меншігіне беріп, әлеуметтік жобаның жүзеге асуына үлесін қосты. Нысанға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, ғимаратты толық күрделі жөндеуден өткіздік. Нысанның ашылу салтанатында жомарт азаматқа алғыс айтып, ұжымға 16 орындық инватаксидың кілтін табыс еттім.

Сондай-ақ «Этно ауыл Жидебай» туристік кешенінің іргетасын қалау рәсіміне қатыстым. Абай ауданының тумасы Бектас Медғатовтың бастамасымен «Абай-Шәкәрім» кесенесі аумағындағы 

60 гектар аумақта жалпы құны 1,2 млрд теңгенің жобасы жүзеге асады.

Кешеннің құрамында жыл бойы жұмыс істейтін киіз үйлер мен бунгало үлгісіндегі қонақүйлер, этно-SPA орталығы мен қоғамдық тамақтану орындары қарастырылған. Сонымен қатар ипподром, хайуанаттар бағы, конференц-зал, тимбилдингке арналған арнайы аймақтар, электромобильдерді қуаттау станциялары мен қымыз құю желісі бар заманауи орындар болады. Жоба іске қосылғаннан кейін 50 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, меценат Бектас Шыңғысұлы Қарауыл ауылында аумағы 1200 шаршы метрден асатын қонақүй құрылысын бастайды. Қонақүй кешенінде заманауи мейрамхана, кофейня, жазғы терраса, балалар ойын аумағы, бильярд залы болмақ. Бұл жоба жүзеге асқанда тағы 15 адам тұрақты жұмысқа орналасады.

Абайдың 180 жылдығының негізгі шаралары осы ауданда өтеді. Осыған орай аудан орталығындағы Қарауылтөбе мен Абай саябағында, «Абай-Шәкәрім» кесенесі аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстым.

Мерейтой қарсаңында Жидебай музей-қорығына Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды. Жоба облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылды. Ақпан айында ауданға келгенімде жергілікті әкімдік осы мәселені көтерген еді. Қолдау білдіріп, облыстық бюджеттен қаржы бөлдік. Бұл тек Жидебайды ғана емес, оның айналасындағы елді мекендерді интернетпен қамтамасыз етеді. Ал 1 тамызда Бөрілі елді мекеніне антенна-діңгекті құрылғыны орнату жұмыстары аяқталады. Осылайша Абай тойы қарсаңында Абай ауданы облыстағы 100 пайыз интернетпен қамтылған алғашқы аудан атанады.

Абай ауданына үшінші рет келіп отырмын. Аудандағы өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі. Алдымызда тұрған үлкен міндет – Абайдың 180 жылдық мерейтойы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мерейтойды жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Баршаңызды атаулы мерейтойға атсалысып, өңірдің биік мәдениеті мен елдігін көрсетуге шақырамын.

Берік Уәли, 

Абай облысының әкімі

24.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15881
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15752
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30906
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29543
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33116