«Абай оқулары» шарасы жастарға ұнады

«Абай оқулары»   шарасы жастарға ұнады

Абай облысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай республикалық деңгейдегі «Абай оқулары» іс-шарасы өтті. Елдің әр өңірінен келген түрлі этнос өкілдерінен құралған 40-қа жуық жас Абай туған топырақта бас қосып, бір апта бойы достықты дәріптейтін және рухани құндылықтарды насихаттайтын мазмұнды бағдарламаға қатысты.

Оқулар аясында қатысушылар Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенелеріне, Күшікбай батыр мазарына, Мұхтар Әуезовтің туған ауылы Бөріліге барып, танымдық викториналар мен зияткерлік кездесулерге, мәдени-тарихи экскурсияларға қатысып, ұлттық мұрамен жақын танысты.

Шара соңында жастар Абай музейінің аумағында орналасқан «Абай және ұлдары» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті. Салтанатты рәсімде сөз алған Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов бұл оқулардың жастар үшін маңыздылығына тоқталды.

– Құрметті жастар, сіздерді дана Абайдың туған жерінде қарсы алу – біз үшін мәртебе. Мемлекет басшысы жастар саясатын үнемі басты назарда ұстап келеді. Бұл жолы біз ұлы ойшылдың даналығы мен адамгершілік қағидаттарын заманауи жастарға түсінікті тілмен жеткізуді мақсат еттік. Абайды оқу – өзіңді тану. Бүгін сіздер рухани серпіліс алып, жаңа достар таптыңыздар деп сенеміз. Облыс әкімінің атынан әрқайсысыңызға алғысымды білдіремін, – деді ол.

Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың арнайы құттықтау хаты оқылды. Онда ойшыл мұрасын зерделеудің ұлт болашағы үшін маңыздылығы атап өтілді.

Ассамблея жастары ұйымының төрағасы Тимур Жұмұрбаев та жастардың Абай шығармашылығына бетбұрысы ел руханиятының дамуының айқын көрінісі екенін атап өтті.

– Қазіргі жастар Абай ойына жаңаша қарап, оның идеяларын өз өмірлеріне бейімдеуге тырысып жүр. Бұл – қоғамдық сананың жаңғыруы. Абай – ұлт бірлігінің темірқазығы. Бүгінгі жиын осы құндылықтарды дәріптеудің жарқын мысалы, – деді ол.

 

Саруар ҚАБДОЛЛА,

Абай облысы

 

25.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 351
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 340
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18254
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18113
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33303
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31854
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35571