9 жастағы Ералының ертегілері

9 жастағы Ералының ертегілері

Ералы Пазылбекұлы Шығыс Қазақстан  облысы  Глубокое  ауданы  «Д.Қонаев» атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы. Республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы. Жуықта «Ералының ертегілері» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Қазақстанның ең жас жазушы Ералының қаламы ұштала берсін, шабыт, шығармашылық табыс тілеймін! 

Ол төрт жасында кітап оқып, ал алты жасында көптеген қазақ халық ертегілерін оқып шығады. Кішкентай таланттың жеңімпаз атанған алғашқы шығармашылық байқауы туған мектебінің қабырғасында өткен «Екі жұлдыз» әншілер байқауы болды. Бұдан кейін «Республикалық балалар оқулары» байқауында ІІІ орынды иеленді.

Оның әдеби және шығармашылық байқаулардағы жеңістері төмендегідей: Қазақстандағы «Балалар жылы» мен «Балалар әдебиеті» жылының аясында өткен «Оқу көшбасшысы – 2021», Пушкин кітапханасының «Super Б’АЛАҚАЙ» жобасы, «Ертегілер – ғажап әлем» атты облыстық байқауы.

Ертегілер кітабы Алматы қаласындағы «Мерей» баспасында жарық көрді. Кітапта балалардың қиялынан және қоршаған әлемді түсінуден туындаған шынайы, әсерлі шығармалары көрініс тапқан. «Ғажайып саяхат», «Кітаптар мұңы», «Ғажайып қалам», «Судың да сұрауы бар», «Айымның қателігі», «Үшінші бала», «Екі дос», «Жанашырлық», «Көгершіннің балапандары», «Менің әпкем»  және т. б. Бұлар  өзінің балалық шағынан, отбасындағылармен болған күлкілі жағдайлардан, басқа да пайымдауларынан туындаған шығармалары.

 

Шығыс Қазақстан облысы
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584