80 ЖАСТАН АСҚАН ҒҰМЫР ИЕСІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

80 ЖАСТАН АСҚАН ҒҰМЫР ИЕСІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ
2016 жылдан бері қарай Алғыс айту күні аталып келеді. Бұл тәуелсіз еліміз үшін жақсы дәстүрге айналып, жылдан-жылға тойлану ауқымы артуда. Көктемнің алғашқы күнінде келетін бұл мереке көктемнің күніндей жаңарып, түрленіп бір-біріне достық пен бауырластық сыйлайтын мейрам. Айтулы күнге орай аудан әкімі Әлихан Балқыбеков медицина саласында ұзақ жылдар еңбек еткен Шария Амрееваның үйіне арнайы барып, Алғыс айту күнімен құттықтап, ауданға сіңірген еңбегі үшін медальін табыс етті. - Күлімдеп жеткен көктемнің қуанышты мерекесі ешқашан ескерусіз қалмайды. Алғыс айту күні – бұл қазақстандықтардың бір-біріне деген ризашылық пен махаббаттың мерекесі. Сондықтан,әрқайсысымыз өз тарихымызды есте сақтап, оны мақтан етуіміз керек. Адамзат баласы қандай биікке көтерілсе де, тіпті, әлемді билесе де, аналар алдында қарыздар,-деген Әлихан Әбіләшұлы 80 жастан асқан ғұмыр иесінің батасын алып, ауырмай-сырқамай ұрпақтары мен халқының ортасында мақтанышқа айналып жүре беруіне тілектестігін білдірді.
Мойынқұм ауданы әкімдігі
03.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 194
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 208
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 475

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18390
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18251
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33436
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31988
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35754