57 миллиардынан айырылған Нұрбол Назарбаев кім

57 миллиардынан  айырылған  Нұрбол Назарбаев кім

Алдымен «АMANAT» фракциясының депутаты Ринат Зайыттың сауалынан үзінді келтірелік: «Кеше ғана Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев сот шешімімен 57 млрд теңге көлеміндегі активінен айырылып, мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен бірге оған 925 млн теңге айыппұл, 230,4 млн теңге айыпақы салынды. Ең бастысы оның барлық банк шоттары бұғатталып, компания кірісін және мүлкін басқару құқығынан айырылды».

57 млрд теңге! Күнделікті қара нанын зорға тауып жүрген қарапайым адамдардың түсіне де кірмейтін сома ғой бұл. Осыншама телегей теңіз ақшаны ол қайдан тапты? Айналысатын кәсібі бар ма? Әрине, бұл оның әкесінің халықты зар жылатып тапқан байлығы екені бесенеден белгілі. Қалың бұқараның қуанғаны НӘН империясының тоң болып қатқан мұзының шеті сөгілгені. Қайрат Сатыбалды, құдасы Қайрат Боранбаев... енді тағы кім кезекте? Ел асығуда. Тезірек олардың тонағаны, ұрлағаны, жырлағаны су бетіне шығып, мемлекет, халық байыса деген игі ниет қана олардікі. Тексерушілер, тиісті заң орындары НӘН-нің өзінің жағасынан алмай, оның айналасынан шыр айналып, шаба беретіні несі деп көпшілік мазаланады. Өкіметтің құрығы ұзын ғой. Кімге, неге жалтақтайды дейді. Әлде басқа бір себептері бар ма? Міне, осы өткір сұрақтар бүкіл Қазақстанды кезіп жүр.

Сонымен Нұрбол Назарбаев кім? Оның кім екенін жоғарыда біршама айттық. Бұл оқиғаға дейін де НӘН кеткеннен кейінгі жылымықта біраз кәсіпкерлер қопаңдап олардың әділетсіздіктері туралы ашық айта бастады. Солардың ішінде ең батылы – Алматы облысындағы «Алматы Стекло» зауытының директоры Азим Абдуллаев деген кәсіпкер. Ол бірден ел Президентіне хат жолдады. Онда рейдерлік жолмен бизнесінің тең жартысын алғаны жөнінде айтылған. Әрине, Абдуллаев жалғыз емес. Ондайлар ондап, жүздеп саналады. Олар  әлі де қорқады, үрейленеді. Жалпы Болат Назарбаев көзі тірісінде ісін, кәсібін ұлы Нұрбол Назарбаев арқылы басқартып отырған. Абдуллаев Нұрболды сотқа берген. Нұрбол қарап отырсын ба, оның өзін сотқа тартады. 2022 жылы Абдуллаев жеңілді. Тек жеңіліп қойған жоқ, сот оған 500 мың теңге айыппұл салды. Абдуллаев қайтпай, тергеудің дұрыс жүргізілмей отырғанын, яғни әділеттілікті талап етті. Ісін прокуратураға берді.

Нұрбол Назарбаевтың биыл Қазақстанның ең бай адамдар тізіміне кіргенін ерекшелеп айтуымыз керек. Ол 57-орында. Ол тіптен 2024 жылы 170 млн байлығымен 49-орынға да көтерілген. Оның негізгі мамандығы – заңгер. ҚазҰУ-да оқыған. Алматы облысының прокуратурасы мен полиция департаментінде әрқилы лауазымды қызметтер атқарған. Ол – полиция полковнигі. Кейін ол бәрін тастап, өзінің «бизнес империясын» құра бастайды. Forbes деректері бойынша Нұрбол Назарбаев қазір бірнеше компанияларда тікелей немесе жанама түрде басқарады. Олардың тауып жатқан көл-көсір пайдасын оқысаңыз, миллионды қойып, миллиардтарды қақпақылдап ойнап отырғанын көресіз. Көресіз де, осыншама байлықты қайдан алған деп таңғаласыз.

Президент Қ.Тоқаев билікке келген кезде-ақ көп ұзамай, әсіресе қанды Қаңтар оқиғасынан кейін ашық түрде «ел байлығын қолында ұстаған санаулы тұлғалар» туралы жария етті. Одан бері біраз активтер там-тұмдап мемлекетке қайтарылғанын біліп тұрмыз. Қайрат Сатыбалды мен НӘН-нің құдасы Қайрат Боранбаевтар, сондай-ақ оның күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен қызы Динара заңсыз деп есептеген біраз активтерін қайтарды. Әрине, бұның бәрі көрер көзге алдау сияқты көрінеді. Халықтың талабы одан әлдеқайда жоғары. Оларды тайраңдатпай, алып империяның байлығын қайтару қажеттігі күн талабында тұр. Олар сөзсіз жауапқа тартылуы тиіс. Тағы да қайталап айтамыз, бұл – халықтың заңды талабы.

Ертай Айғалиұлы
02.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 351
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 340
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18254
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18113
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33303
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31854
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35571