5 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

5 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Күні кеше шулық тұрғындарға тағы бір тамаша тарту жасалды. Наурыз мерекесінің қарсаңында Шу қаласынан 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді.

30 отбасының шаттық шаңырағына айналатын тұрғын үйдің құрылысын “UMTYLYS INVEST COMPANI” ЖШС жүргізген. Мұнда 1 бөлмеден бастап, 4 бөлмелі пәтерлер де орналасқан. Бұл жобаның бір ерекшелігі - тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады. Демек, сіз 10 миллионға пәтер алсаңыз, 3 миллион теңгесін бірден төлеп, қалған 7 миллионын 5 жылдың ішінде үстемеақысыз төлей аласыз. Осылайша, серіктестіктің негізін қалаушы, жеке кәсіпкер Арман Абаев жерлестерімізге пәтерге қол жеткізудің дәл осындай ыңғайлы тәсілін ұсынып отыр.

Пайызсыз баспана алған Дидар Сандыбайқызы ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Халыққа тиімді, жайлы, жылы тұрғын үйлер көбейе берсін дейді, жаңа баспана иесі. “Аллаға шүкір бүгін кілтті алып жатырмыз. Рақмет. Үйі жоқтарға жұғысты болсын. Қарап шықтым, өте керемет ұнады. Жылы. Ойымдағыдай болды.” - дейдіЖұртшылыққа қолайлы жоба біраз жанға баспаналы болу мүмкіншілігін сыйлады. Жерлестерімізге тиімді шартты ұсынып отырған кәсіпкердің бұл қадамы үлкен көмек.

Шу ауданы
16.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 77
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 85
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 384

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18285
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18143
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33335
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31886
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35627