Туысқан қырғыз елі туралы жете білеміз бе?

Туысқан қырғыз елі туралы жете білеміз бе?

Түркі дүниетанымы мәдениеті, тілі, тәрбиесі ұқсас халықтардан тұрады. Қазақ пен қырғыздар өздеріне тән фенобейнелері жағынан аралас тұран нәсілінің нақты өкілдері болып саналады. Бұрын қырғыз елін бізден алыста, көп жағдайда басқа елдерден қалыс қалып қалған елдер қатарында саналушы еді. Қырғыз Республикасы соңғы бес жылдықта едәуір жоғары көрсеткіштерге жетті. Қай саладан болсын дамыды, алға жылжыды. Артқа қарай көз жүгіртелік.

«Досыңның аты озғанша, көршіңнің аты озсын» деген бар ғой. Қазіргі Қырғызстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. V ғасырда пайда болған. Біздің заманымыздағы алтыншы – он екінші ғасырлары аралығында бұл аймаққа Енисей бойынан түркі тайпалары қоныс аударған болатын. Кейіннен олар моңғол-татар шапқыншылықтарына ұшырап, қуғындалды. Он төртінші ғасырда Моғолстанның солтүстік-шығыс шекараларында көне «қырғыз» түркі этнонимінің иегерлері өмір сүрді. Он тоғызыншы ғасырда алдымен Қоқан хандығының иелігінде болды. Ресейдің Орталық Азияға экспансиясы жылдарында болған Қоқан-орыс соғысы нәтижесінде қазіргі Қырғызстан жері толықтай Ресей империясының құрамына енді. Қырғыздар 1916 жылғы Орталық Азиядағы көтеріліске де қатысты. Қырғыз жері Ресей империясының Түркістан губерниясына енді. Қазан төңкерісінен кейін бұл аймақ «Қара Қырғыз» автономиялы облысы деп аталды, кейіннен Қырғыз АКСР атауымен қайта құрылды. 1918 жылы Түркістан Автономиялық социалистік кеңестік республика болды. 1936 жылы Қырғыз АКСР Қырғыз КСР-ы болып өзгертілді. 1991 жылғы 31 тамызда Қырғызстан өзінің атауын Қырғызстан Республикасы деп өзгертіп, тәуелсіздігін жариялады, сол жылы 25 желтоқсан күні Қырғызстан толық тәуелсіздігін алды. 1993 жылғы 5 мамырда ел атауы ресми түрде Қырғыз Республикасы деп өзгертілді. Елде бірнеше рет саяси төңкерістер болып, бірнеше президенттер өзгерді.

Қырғызстанның астанасы, ең ірі қала – Бішкек қаласы. Бұрын Пішкек, одан Фрунзе, тәуелсіздік алғаннан кейін Бішкек аталды. Алғаш рет Қырғызстанға келгенімде, шекарадан өткен соң, В. И. Лениннің қол созып тұрған үлкен ескерткішін, орысша атауларды, көшенің аттарын көріп таңғалған едім. Бішкек – Қырғыз еліндегі ең ірі қала, 642 мың адам тұрады. Халқы – 7 037 590. Қырғыз елінде жердің 87% пайызы таулы аймақ. Халықтың 72,6%-ы қырғыздар, өзбектер – 14,65%, қалғандары украин, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер мен тәжіктер, дүнгендер т.б. ұлттар бар. Жер аумағы – 199,6 км². Ірі қалалары – Бішкек, Ош, Манас, Қарақол. Елді президент басқарады. Заң-мизам шығару органы бірпалаталы Жогорку Кеңеш атты парламент. Ресми тілдері: қырғызша – мемлекеттік, орысша – ресми. Ұлттық мерекесі – 31 тамыз, Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – сом. Мемлекеттік діні – зайырлы мемлекет. Жер аймағы әлем бойынша 85-орында, ТМД елдері арасында 7-орында. Әкімшілік аумақта мағыналы 7 облысқа, республикалық маңызы бар екі қала – Бішкек, Ош болып бөлінеді.

Кеңес Одағы ыдыраған соң ел экономикасы едәуір құлдырады. Өнеркәсіптің негізгі салалары – электр энергетикасы, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, түсті металлургия болып табылады. Ең ірі СЭС, біздің есіміздегі, жылына төрт млрд кВт·сағ электр өндіретін Тоқтағұл СЭС-і. Бұл салаға өте көп шетел және Ресей қаржысы жұмсалуда. Қазіргі кезде Қырғызстанда энергияны үнемдеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Отын өнеркәсібі – Ош және Манас облыстарында өндірілетін қоңыр көмір мен Ыстықкөл қазаншұңқырынан өндірілетін тас көмір. Жеңіл өнеркәсіп жыл сайын артуда, қырғыз киімдерін, тоқыма өнеркәсібін, жүн түту, тоқыма тоқу, сырмақ ою, әр түрлі қолөнер өнеркәсібімен халық шұғылданады. Елдің оңтүстігінде мақта өңдеу мен жібек шаруашылығы дамыған. Металл шығаратын жер жоқ, бірақ Ош облысындағы Хайдарқан елді мекені жанынан сынап кені өндіріледі, қорғасын, мырыш шыққанымен, оны өндіруге Қазақстанға жібереді. Ал алтын шығаратын «Құмтөрге» келсек, оны жүз пайыз қырғыздар өздері алды. Әрине, оның соңында қанша күш жұмсалды. Қазір соның арқасында қырғыз халқының экономикасы, құрылыс саласы, өнеркәсібі, жол жөндеу, халыққа қызмет ету саласы жеңіске жетіп отыр. Сыбайлас жемқорлықты бақылау, бизнесті жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту, халықаралық саудадағы елдерді саудаға тарту, көрші елдермен шекараны бекіту, армия, білім, мәдениет, медицина салаларына көңіл бөлу. 

Білім саласына келсек, қазіргі заманғы білім беру үшін негіз кеңестік жүйе болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін білім беру саласында реформалар жүргізілді. Мектептегі білім он бір жылға есептелген. Олардың 9-ы міндетті. Оксфорд, Кембридж орта мектептері ағылшын тілінде оқытылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін жоғары оқу орындары көбейді, жоғары оқу орындарында шетелдік студенттер дәріс алады. Республикада халықаралық «бірлескен» университеттер бар. Қырғыз-орыс (славян), қырғыз-түрік «Манас», «Ала-Тоо» қырғыз-түрік, Орталық Азиядағы Америка университеттері бар.

Қырғыз мәдениеті қазақи әдет-ғұрыптан, көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. Көк Тәңірге, отқа, Бұғы анаға табынды. Тұрмыс-салт-дәстүр барлығы қазақтарға жақын болды. «Манас» жырын кішкене балалары да жатқа айтады. Президент Садыр Нұрғожаевич Жапаров келгелі Қырғыз Республикасы қай саладан болсын жоғары көрсеткіштерге ие болып отыр. Президенттің өзі: «Құдай қаласа, дамыған он елдің қатарына жетсек», – дейді. Мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 100 пайызға, зейнеткерлердің зейнетақысын көбейтті.

Қырғызстанның ең ірі қалаларындағы көшелер кеңейтіліп, бұрынғы кішкентай автобустардың орнына үлкен автобустар жүргізілуде. Жастарға арнап үйлер салынып, екі пайыздық жеңілдікпен ипотекаға пәтерлер берілуде. Қанша жылдан бері жасалынбай жатқан Нарынқол – Кеген – Ыстықкөл жолы жасалып, еркін көлге дейін баруға болады. Сауда-саттық орындар жөнделіп, қазіргі заманға сай базарлар салынды. Президенттің өзі отырған резиденциясын үш айға дейін ашып қойып, халыққа көрсетті. Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасын қалыпқа келтірді.

Дін жағынан келетін болсақ, зайырлы мемлекет. Президенттің өзі басшы болып Мекке қаласында 100 орындық қонақ үй салынып жатыр. Онда студенттер, қаражаты жетпейтін, денсаулықтары жоқ қырғыз бауырлар тегін барып тұра алады. Айта берсек, халықтың жағдайы жақсарды. Спорт пен мәдениет саласына өте көп көңіл бөлінуде. Спорт мектептері, мәдениет үйлері салынуда.

Қырғызстан мәдениеті көшпелі халықтың салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының, дүниетанымы жағынан бай этникалық кешен. Қырғыздардың әлемдік аренадағы ең басты бренді – «Манас» эпостық жыры. Миллионнан астам жолдан тұратын жыр әлемдегі ең ұзын туынды ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Қырғызстан – Орталық Азиядағы бірден-бір мал шаруашылығы басым ел. Жерінің басым көпшілігі, яғни 87%-ы, таулы аймақ. Ауылшаруашылығына Қазақстанды басып өтетін Шу өзенін пайдаланады. Орта Азия халықтарының ішінде Қырғызстан дамушы елдердің қатарына қосылып келеді. Одан әрі нығайып, дами берсін деп тілейміз. 

 

Африза АЙТБАЕВА,

газетіміздің

Қырғыз Республикасындағы 

меншікті тілшісі

 

12.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23124
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39370
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40755