«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» атты Өзбекстан және Қазақстан жазушыларының форумы аясында түркі әлемінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуға, ортақ рухани құндылықтарды сақтауға және дәріптеуге қосқан үлесі үшін бірқатар көрнекті тұлғаларға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының «Түркі мәдениеті және мұрасының амбассадоры» (Ambassador of the Turkic Culture and Heritage) құрметті атағы табысталды.

Құрметті атаққа Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Хайриддин Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Саййид және Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов ие болды.

Атақты Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова табыстады.

Еске сала кетейік, дәл осы құрметті атақты 2025 жылы алғаш рет әлемге әйгілі TURAN ансамблі де иеленген болатын.

«Түркі мәдениеті және мұрасының амбассадоры» құрметті атағы түркі әлемінің рухани бірлігі мен ортақ құндылықтарын нығайтуға қызмет етіп жүрген тұлғаларға көрсетілген ерекше құрметтің белгісі.

 

07.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27477
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26984
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44313
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40073
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44649