Қыбырайда Наурыз – халықтық думан жүректерде ұмытылмас із қалдырды

Қыбырайда Наурыз – халықтық думан жүректерде ұмытылмас із қалдырды

Ташкент облысының Қыбырай ауданында өткен Әз-Наурыз мерекесіне арналған жалпыхалықтық думан тұрғындар мен қонақтарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуаныш пен әсерлі сәттерге толы болды. Көктемнің алғашқы лебі, ұлттық құндылықтарымызға тән салт-дәстүрлер мен шынайы атмосфера думанның ажарын аша түсті.

Мереке аясында танымал өнерпаздар, аудандық Мәдениет бөлімінің әншілері және дарынды балалар өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Әуезді әндер, ұлттық билер мен сахналық қойылымдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Думан алаңында ұйымдастырылған ұлттық тағамдар көрмесі, қолөнер бұйымдары мен түрлі мәдени іс-шаралар Наурыздың бай дәстүрлері мен халқымыздың қонақжайлығын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Аудан әкімі Музаффар Рашидов және басқа мемлекеттік мекемелердің басшылары мерекелік іс-шараға қатысып, аудан тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Наурыз думаны тек мерекелік шара ғана емес, адамдарды бірлікке шақыратын, мейірім мен ынтымақты нығайтатын маңызды алаңға айналды. Қыбырай жұртшылығы бұл көркем мейрамды жоғары көңіл-күймен қарсы алып, оны жүректерінде жарқын әрі ұмытылмас естелікке айналдырды.

Айгүл ТЕШЕБАЕВА, 

“Нұрлы жол” газетінің аға тілшісі

25.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24037
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23706
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41189
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37114
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41371