Қыбырай ауданында Абдулла Ориповтың үй-мұражайы ашылды

Қыбырай ауданында Абдулла Ориповтың үй-мұражайы ашылды

Осыған орай өткен салтанатты рәсімге мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әдебиет пен өнер қайраткерлері, поэзия сүйер қауым және кең жұртшылық қатысты.

Аталған рухани-мәдени нысан Өзбекстан Республикасы Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен жүзеге асырылғанын ерекше атап өткен орынды. 

Іс-шара барысында Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Саййид, Усмон Азим, әдебиеттанушы Шухрат Ризаев және басқа да зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, ұлы ақын Абдулла Ориповтың көпқырлы шығармашылығын, оның биік көркемдік деңгейін, ұлттық рух пен Отанға деген сүйіспеншілікті арқау еткен туындыларының халық жүрегінен терең орын алғанын ерекше атап өтті.

Шынында да, Абдулла Орипов өзінің қайталанбас талантымен өзбек поэзиясына жаңа серпін берген. 

Ол – ұлт рухын оятқан, тәуелсіздік идеяларын жоғары көркемдікпен жырлаған, халықтың еңсесі мен рухын асқақтатқан, халықтар достығын жырлаған жалынды ақын ретінде ел жадында мәңгілікке сақталды.

Әсіресе, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазған  автор  ретінде оның есімі ел тарихында мәңгілікке жазылды.

Жаңадан ашылған үй-мұражайда ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты бірегей экспонаттар, қолжазбалар, жеке заттар, сирек кітаптар мен мұрағат материалдары жинақталған. Сондай-ақ мұнда кітапхана, галерея, конференц-зал және әкімшілік бөлмелер заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Бұл рухани орда Абдулла Ориповтың бай шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттауға, әсіресе жастардың бойында Отанға деген адалдық пен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға, өскелең ұрпақты жоғары адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеуге қызмет етеді.

Салтанатты рәсімге Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Рустамбек Давлетов, Премьер-министр орынбасары Зулайхо Махкамова және Ташкент облысы әкімі Зоир Мирзаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Айгүл ТЕШЕБАЕВА, 

“Нұрлы жолдың” тілшісі

25.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24037
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23706
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41189
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37114
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41371