Қазақстан мен Германия технология алмасу және пилоттық жобаларды дамытуға арналған бірлескен су хабын құру мәселесін пысықтап жатыр

Қазақстан мен Германия технология алмасу және пилоттық жобаларды дамытуға арналған бірлескен су хабын құру мәселесін пысықтап жатыр

 ​Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайке Ренате Пайчпен кездесті. Тараптар су саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

 ​Атап айтқанда, Қазақстан-Германия су хабын құру мәселесі қаралды. Бұл – технологиялар алмасуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және пилоттық жобаларды дамытуға арналған платформа.

 ​Су хабын құру туралы ұсыныс Берлинде өткен «Қазақстан Республикасы – Германия Федеративтік Республикасының су саласындағы стратегиялық әріптестігі: жаңа деңгей» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында таныстырылған болатын. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы хаб тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Құжат су саласындағы 300-ден астам компанияны біріктіретін German Water Partnership (GWP) неміс қауымдастығына келісу үшін жолданды.

 ​Айта кетейік, былтыр қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен GWP су ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойған болатын.

 ​«Соңғы жылдары Қазақстан мен Германияның су саласындағы өзара іс-қимылы айтарлықтай дамып, нақты практикалық сипатқа ие болды. Ендігі қадам жекелеген бастамалар мен пилоттық жобалардан жүйелі әрі ұзақ мерзімді технологиялық әріптестікке көшу болуы тиіс. Бірлескен су хабын құруды Қазақстан мен Германияның мемлекеттік органдары, бизнес өкілдері, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтары өзара іс-қимыл жасайтын, заманауи технологияларды сынақтан өткізіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыратын практикалық алаң қалыптастыру ретінде қарастырамыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі.

 Кездесуде Нұржан Нұржігітов пен елші су ресурстарын басқару саласында кадрларды бірлесіп даярлау және озық тәжірибелермен алмасу перспективаларын да талқылады. Сонымен қатар тараптар Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын іске асыруға неміс технологияларын, инженерлік шешімдері мен сарапшылық тәжірибесін тарту мүмкіндіктерін қарастырды.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

29.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28136
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27612
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44986
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40639
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45297