Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры «ALMATY THEATRE FESTIVAL» фестиваліне «Ортеке» спектаклімен қатысады

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры «ALMATY THEATRE FESTIVAL» фестиваліне «Ортеке» спектаклімен қатысады

2026 жылдың 19 қараша күні сағат 15:00-де Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының сахнасында «ALMATY THEATRE FESTIVAL» республикалық театр фестивалі аясында «Ортеке» спектаклі көрсетіледі. Сторителлинг жанрындағы туындының авторы әрі режиссері – Григорий Лайко.

2026 жылдың 15-20 қараша аралығында Алматы қаласында өтетін фестиваль «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдық шығармашылық белесіне арналады. Өнер мерекесін Алматы қаласының әкімдігі, қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театры және Қазақстанның «Театр сыншыларының бірлестігі» ұйымдастырады. Фестивальдің негізгі мақсаты – отандық театр өнеріндегі қазіргі көркемдік ізденістерді саралау, режиссерлік, актерлік және сценографиялық шешімдерді кәсіби тұрғыда талқылау, театрлар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту. Бағдарлама аясында еліміздің театрлары түрлі жанрдағы спектакльдерін ұсынады. Сондай-ақ «Дәстүрлі өнер және заманауи театр кеңістігі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Фестиваль бағдарламасына енген «Ортеке» спектаклі қазақтың дәстүрлі қуыршақ өнерін, халық аңыздары мен ұлттық музыканы бір сахнада тоғыстырады. Ортеке – қазақ халқының көне дәуірден жеткен асыл мұрасы әрі қайталанбас қуыршақ өнері. Домбырадан күй төгілгенде ағаштан ойылған шағын теке жан біткендей қимылдап, билей жөнеледі.

Спектакльде аңызға айналған сал-серілер көрерменді қазақтың ғажайып ертегілері мен халық аңыздары әлеміне жетелейді. Әңгіме мен әуен сабақтасып, Ортеке өнерінің өзіндік болмысын аша түседі.

Домбыра, қобыз, сыбызғы және өзге де ұлттық музыкалық аспаптардың жанды үні сахнада ерекше әсерлі атмосфера қалыптастырады. Қуыршақтардың қимылы мен актерлердің ойыны арқылы ұлттық мұраның көркемдік сипаты заманауи сахна тілінде ұсынылады.

«Ортеке» – ұлттық рухты оятып, дәстүрдің құндылығын айшықтайтын туынды. Театрдың фестивальге қатысуы дәстүрлі қуыршақ өнерінің бүгінгі сахнадағы мүмкіндіктерін таныстыруға және осы бағыттағы шығармашылық ізденістерді кәсіби ортада талқылауға ж

ол ашады.

17.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

- 17.11.2026 67
- 17.11.2026 66
- 17.11.2026 65
- 17.11.2026 67
- 17.11.2026 66
- 17.11.2026 66

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29565
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29115
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46359
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41954
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46699