Кешеннің негізгі мәселелері

Кешеннің негізгі мәселелері

Инновациялық технологиялар мен техникаларды  енгізу  арқылы  Қазақстанды негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ауылшаруашылығы өндірісін дамыту керек. Осы саланың дамуына кедергі болып отырған мәселелерді шешу үшін алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру қажет. Біздің мақсатымыз – Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын негіздеу. Еліміздің АӨК дамытудың 2021-2025 жж. арналған ҚР АӨК дамытудың ұлттық жобасын орындау шеңберінде шешілетін өзекті мәселелері көп. Халықты ғылыми негізделген физиологиялық тұтыну нормасына (ҒНФТН) сәйкес ең қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету осы жобаның мақсаты болып табылады.

ҚР АӨК дамуының негізгі мәселелері мынадай: ауылшаруашылығы техникасымен және технологиясымен техникалық жарақтануының төмендігі, табиғи ресурстарды, атап айтқанда жерді, суды тиімсіз пайдалану, ұсақ тауарлық емес шаруашылықтардың көптігі, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейінің төмендігі, өсірілген өнімді өндіру мен өткізу арасындағы делдалдардың көптігі, ауылшаруашылығы ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерінің өндіріске енгізілу деңгейінің, ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу деңгейінің төмендігі және т.б. Инвестиция салу үшін осы саланың тартымды еңбек өнімділігі жоғарылап, мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу, инновациялық технологияларды кеңінен енгізу қажет. ҚР АӨК дамыту үшін жоғарыда аталған мәселелерді түбегейлі шешкен дұрыс.

Былтыр 2025 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген жиыны болды. ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің «Агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері» секциясының жұмысына Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев қатысқан еді. Вице-министр баяндамасында елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ауылдық аумақтардың экономикалық және тұрақты дамуында Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) маңызды рөл атқаратынын айтып өтті. Дегенмен осы процесс өндірісті жаңғырту, ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайларын жақсарту және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігімен қоса бірқатар сын-қатерлермен қатар жүреді.

АӨК топырақтың, су ресурстарының, ауаның ластануына және қоршаған ортаға өз әсерін тигізеді. Сондай-ақ экологиялық тұрақтылықтың негізгі бағыттары табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, «жасыл» технологияларын енгізу, қоршаған ортаға және климатқа әсерді азайту мәселелері де қарастырылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселесі ауылдық аумақтар саласындағы маңызды мәселе болып табылады.

Сонымен қатар қоғамның экологиялық санасын арттыру – тағы бір маңызды бағыттардың бірі. Бүгіндері Мемлекет басшысының бастамасы аясында аумақтарды жинау және көгалдандыру бойынша жаппай «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциялар өткізілуде. Осыған орай «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілді.

Агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды кешенді дамыту және қоршаған ортаны қорғау өкілді және атқарушы биліктің, бизнес пен ғылыми қоғамдастықтың тығыз өзара іс-қимылын қажет етеді. Бұл ретте ауылшаруашылығының тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологиялар, фермерлерді қолдау және экологиялық қауіпсіз басқару әдістері қажет. Болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтай отырып, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартып, келер ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтау қажеттілігі де атап өтілді.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
27.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 67
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 119
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 71
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 72

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24056
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23724
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41205
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41388