Референдум

Бірлік пен тұрақтылық – ел байлығы

Бірлік пен тұрақтылық – ел байлығы

Қазіргі қиын заманда елдің ішкі тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтау өте маңызды мәселелердің бірі болып тұр. Осыған орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев  бұл жағдайды әрбір  қазақстандықтың қатаң ұстанып, бұлжымайтын қағидатымызға айналдыру қажеттігін қатаң  ескертуде. Мемлекет басшысы  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясындағы «Бірегей бірліктің баянды жолы» атты сөзінде ел тұтастығы, татулық пен ынтымақ,  береке мен бірлік секілді қоғам дамуының тағдырын шешетін  мәселені өзекті тақырып етіп атап өткен еді.

Сондай-ақ барлық этнос өкілдерінің ортақ міндеті мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін арттыру  болып табылады.  Президентіміз  мемлекеттік тіл мәселесі мен жастар тәрбиесіне де баса көңіл бұруда.  Ол өсіп келе жатқан  балаларымыздың  білімді болуымен қоса  рухани-мәдени жағынан    елін сүйер  патриот азамат болып өсуі тиіс екенін айтып өтті. Сонымен қатар Қ. Тоқаев барлық этнос өкілдерінің ортақ міндеті мемлекетті   біріктірудің  рөлін арттыру  екенін де атап айтты. Ол қоғамдағы  ақпараттық қауіпсіздікті нығайтып, арандатушылық пен жалған ақпараттарға қарсы тұру керектігін де қатаң ескертті. Осының бәрі адамдардың сана-сезімін  жағымсыз  құбылыстардан  сақтап,  бірлікке апарады.

Бірлік пен тұрақтылықтың маңызы:

Ұлттық қауіпсіздік: тұрақтылық қоғамдағы тәртіпті қадағалайды.

Экономикалық өсім: елдегі бірлік пен тыныштық инвестиция мен дамуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік келісім: ұлтаралық және конфессияаралық татулықты күшейтеді.

Конституциялық негіз: конституциялық реформа адам құқықтарын басты орынға қойып, оны дамытады.

Мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің басты негізі – бірлік пен тұрақтылық. Ол  қоғамдық келісім мен ауызбіршіліктің көрінісі болып табылады.  Осы құндылықтар  заңның үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін және  экономикалық өсуді, саяси жүйенің нығаюына ықпалын тигізеді.  Сондай-ақ  халықтың татулығы мен бірлігін сақтап,  алдағы келешек өмірге нық  сеніммен қадам басуына мүмкіндік береді. Қазақстанның егеменді ел болып өсіп-өркендеуіне,  ішкі тұрақтылығы мен ел арасындағы бірлігіне әсерін тигізеді. Әділдік, ынтымақ, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтар елдің стратегиялық мақсаттарына жету жолында маңызды рөл атқарады. 

Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, онда  көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті тыныш  өмір кешіп жатыр. Елдің бірлігі мен тұрақтылығы қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықтың басты негізі болып саналады. Қазақстандағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау үшін мемлекет көпұлтты қоғамды біріктіретін саясат қажет. Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған қоғамдық ұйымдар бұл саясаттың негізінде  көп жұмыстар істеуде. Елдің дамуына әсер етіп, болашаққа сеніммен қарауына бұлар зор мүмкіндік береді.

Елдің саяси және экономикалық жүйесінің тұрақтылығы, қоғамдық тәртіптің сақталуы, заңның үстемдігі және азаматтардың құқықтарының қорғалуы   тұрақтылықтылықтың арқасында.  Қазақстандағы тұрақтылық инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және елдің әлеуметтік-экономикалық  өсуіне мүмкіндік жасайды.  Еліміздегі әрбір азаматтың міндеті – мемлекетіміздің  тұрақтылығын сақтап, бірлігін нығайту болып табылады.                                    

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
12.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23836
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23506
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40576
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36948
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41184