Балалар суицидінің алдын алу жолдары

Балалар суицидінің алдын алу жолдары

Елімізде балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид қоғамдағы ең өзекті де күрмеуі қиын мәселелердің біріне айналып отыр. Жыл сайын Қазақстанда 200-ге жуық жасөспірім өз-өзіне қол жұмсайды. Бұл деректі тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғам қасіреті десе де болады. Мамандардың зерттеулері бойынша суицидтік мінез-құлыққа әсер ететін бірнеше факторлар бар екен.

Негізгі себептері:

Отбасындағы жағдай: үй ішіндегі ұрыстар мен түсініспеушіліктер жасөспірімдер арасындағы 62% суицидке себепші болады екен.

Буллинг және қатарластар қысымы: балалардың 12%-дан астамы өз ортасынан қысым көреді (келемеждеу, қорлау), осы жағдай оларды өмірден қажытып жібереді.

Психологиялық факторлар: өзін керексіз сезіну және эмоцияны басқара алмау, депрессия, жалғыздық сезімі.

Әлеуметтік желілер: кибербуллинг пен интернеттегі қауіпті топтардың да кері әсері бар.

Өткен жылдары елімізде кәмелетке толмағандар арасында балалардың 122 өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы болған. Яғни бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға азайған.

Қазақстанда балалар суициді деректер бойынша әлемдегі 178 елдің ішінде 19-орынды алады екен. Суицидтің алдын алу үшін мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар мен кешенді жоспарлар қабылданған.

 

Негізгі бағыттары:

Психологиялық көмек: балалармен сенімді қарым-қатынас орнатып, мектеп психологтарының жұмысын күшейту.

Сенім телефондары: кез келген уақытта хабарласып, мамандардан кеңес алуға болатын желілер жұмыс істеп тұр (мысалы, «111» немесе «150») кез келген уақытта хабарласуға болады.

Ата-аналардың рөлі: ең тиімді алдын алу жолы – оның қызығушылықтары мен көңіл-күйіне қарап, баламен ашық сөйлесу.

Маңызды: егер балаңыз оқшауланып, мінез-құлқы кенет өзгеріп кетсе немесе өлім жайлы жиі айтып кетсе, бірден кәсіби психологқа барып көмек сұрап ақылдасқан жөн.

Айтуға тұрарлық жайт, балалар мен жасөспірімдердің суициді олардың отбасындағы жандарға кері әсерін тигізеді. Олар «осы жағдайға мен кінәлі емеспін бе?» деген сұрақты қойып, өздерін кінәлі санайды. Ақырында психологиялық ауруға ұшырап, стресс пен депрессияға түсіп, кейде суицидтік жағдайға ұшырайды. Балалар арасындағы суицид қоғамымызда демографияның тежелуіне де әсерін тигізеді.

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу үшін психолог мамандар бірыңғай ұлттық бағдарламасын құруды ұсынды. Бағдарлама бойынша балалар мен жастарды қорғау ісімен айналысатын ұйымдардың жұмыстарына талдау жасалуы тиіс. Сондай-ақ мектеп пен колледждердегі психолог мамандардың білімдерін көбейту керек. Психологтар өзге жұмыстармен айналыспай, тек балалар мен жасөспірімдердің мәселесін шешуге жағдай жасаған жөн.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
28.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 68
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 120
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 71
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 72

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24056
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23724
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41205
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41388