Әзербайжан. Әзербайжандар киберқауіпсіздік орталығының моделін Қазақстанға экспорттауды көздейді

Әзербайжан.  Әзербайжандар киберқауіпсіздік орталығының моделін Қазақстанға экспорттауды көздейді

Қазіргі таңда киберқауіпсіздік мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Бұл мәселе де әрбір мемлекет өз моделін қалыптастырудан тыс, шетелдік озық тәжірибелерді қабылдауға назар аударып отыр. Солардың қатарында бауырлас Әзірбайжан елі жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқан мемлекеттердің қатарынан көріне бастады. Жақында Әзербайжандағы Киберқауіпсіздік орталығының 6-шы түлектер күнінде салтанатты шараға қатынасқан Инновациялар және цифрлық даму агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Шахин Әлиев журналистерге сұхбат беріп: «Киберқауіпсіздік орталығының моделін экспорттау үшін Қазақстанмен және басқа елдермен келіссөздер жүргізіліп жатқандығын айтты. Бұл туралы «Ochu.Az» сайты хабарлады.

«Әзербайжан киберқауіпсіздік орталығында 380-нен астам жоғары білікті киберқауіпсіздік мамандары оқытылды және жалпы алғанда жеті мыңнан астам адам әртүрлі оқыту бағдарламаларына қатысты. Қазіргі уақытта түлектердің 86 пайызы жұмыспен қамтылған, бұл орталықтың еңбек нарығына қосқан нақты үлесінің көрсеткіші», – дейді Шахин Әлиев.

Ол киберқауіпсіздік саласында жергілікті өнімдерді дамыту үшін маңызды қадамдар жасалғанын және қазіргі уақытта нарыққа бес жергілікті өнім шығарылғанын айтты: «Әзербайжан киберқауіпсіздік орталығының моделі қазірдің өзінде шетелдердің назарын аударып келеді. Бұл модельді экспорттау үшін Қазақстанмен және басқа да елдермен келіссөздер жүргізілуде. Халықаралық телекоммуникация одағының (ХЭО) есебіне сәйкес, Әзербайжан соңғы жылдары рейтингте 40 орынға алға жылжып, әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары орын алып, бірқатар жетекші елдерді артта қалдырды. Ұлттық стратегияны қабылдау, кадрлық ресурстарды нығайту және мемлекеттік мекемелердегі құрылымдық реформалар осы қарқынды дамуды қамтамасыз ететін негізгі факторлар ретінде көрсетілген».

Төрағаның орынбасары жергілікті киберқауіпсіздік өнімдеріне халықаралық қызығушылықтың артқанын қосты: «Атап айтқанда, «Cypho» өніміне Түркия мен бірқатар еуропалық елдерден үлкен қызығушылық бар. Осы бағыттағы келіссөздер жалғасуда. Сонымен қатар, орталықтың жұмыс моделіне Орталық Азия және Африка елдерінен де қызығушылық байқалуда», – дейді Шахин Әлиев.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
12.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23124
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39370
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40755