ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Қазақ әнінің асқақ үнін әлемге танытқан Әміре Қашаубаевтың өнер жолын ұлықтау мақсатында 2026 жылғы 25-27 қазан аралығында Алматыда дәстүрлі орындаушылардың республикалық байқауы өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылатын бұл өнер додасына Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мұрындық болып отыр.

Шараның негізгі мақсаты - ұлттық дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттау, жас дарындардың кәсіби шеберлігін шыңдау және Біржан сал, Ақан сері, Естай, Мұхит сияқты халық композиторларының асыл мұрасын қайта жаңғырту.

 

Өткізілу шарттары мен мерзімдері:

·        Өтетін орны: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы

·        Қатысушылар: Аймақтық кезеңдерде жеңіске жеткен 20–35 жас аралығындағы орындаушылар (бұған дейін Гран-при алғандар қатыстырылмайды).

·        Өтінім қабылдау: 2026 жылғы 25 тамыз – 15 қыркүйек аралығында philarmon@mail.ru поштасы арқылы жүргізіледі.

·  Іріктеу кезеңі: Бейнежазбалар арқылы өтеді. Негізгі кезеңге жолдама алғандар тізімі 25 қыркүйекке дейін ұйымдастырушылардың ресми ресурстарында жарияланады.

·    Сайыс тәртібі: Байқау 2 кезеңнен тұрады. Қатысушылар Әміре Қашаубаев репертуарынан және өз таңдауы бойынша шығармалар орындайды.

·        Қорытынды: 2026 жылғы 27 қазанда Гала-концерт пен марапаттау рәсімі өтеді.

Жүлде қоры: Жалпы сомасы - 2 700 000 теңге:

·        Гран-при (1) - 1 000 000 теңге;

·        І орын (1) - 800 000 теңге;

·        ІІ орын (1) - 400 000 теңге;

·        ІІІ орын (1) - 200 000 теңге;

·        Дипломанттар (3) - 100 000 теңгеден.

10.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27543
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27051
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44391
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40136
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44732