Алапат ашаршылықтан миллиондап қырылғанымызды бүгінгі ұрпақ біле ме?

Алапат ашаршылықтан миллиондап  қырылғанымызды бүгінгі ұрпақ біле ме?

Жыл сайын мамыр айының соңында өткен нәубеттерді еске алып, құран бағыштаймыз. Бірақ одан кейін күнделікті тіршілік өз арнасымен жалғасып кете береді.

Өткен ғасырдың 30-жылдарындағы алапат ашаршылықта халқымыздың жаппай қырылып, елден ауа көшіп, шетел асып кеткені – тарихи шындық. Миллиондаған қазақ ауыр нәубетке ұшырап, ел ішінде де, сыртта да үлкен қайғы-қасірет көрді. Сонымен қатар, ұлтымыздың сол кезеңіндегі талай тұлғалары қуғын-сүргінге ұшырап, түрмеге қамалып, олардың мыңдағаны атылып кеткені – қанды тарих беттері.

Өкінішке қарай, бұл оқиғалар туралы кейінгі ұрпақ толық біле бермейді, білсе де көбіне үстірт, естелік деңгейінде ғана танысады. Сондықтан бұл тек еске алу күнімен шектелмеуі керек. Жастар мен балаларды  мұражайларға  апару, тарихи орындарға  экскурсиялар ұйымдастыру,  арнайы  кездесулер  өткізу    маңызды.

Мәселен, Алматы, Ақмола және басқа да өңірлерде ашаршылық пен қуғын-сүргінге арналған мұражайларды кеңінен танытып, бұл күнді тек қаралы күн ретінде ғана емес, ұлттық жадыны жаңғыртатын күн ретінде қалыптастыру қажет. Сол күні той-мерекелік шараларды шектеп, теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарихи тағылымға арналған арнайы бағдарламалар көрсетілсе, артық болмас еді.

Жалпы, «жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, өткенді ұмытпау – ұлттың рухын сақтаудың бір жолы. Кейінгі ұрпақ бұл тарихты тек естіп қана қоймай, терең түсініп өсуі тиіс.

 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

 

28.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25440
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24926
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42347
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38200
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42697