Өткізілетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 29 қыркүйек, сағат 19:00
Ал сағат 18:00-де сіздерді dj_dobsun қарсы алады.
Өткізілетін орны: Абай атындағы ҚазҰОБТ алдындағы алаң (Алматы қ., Қабанбай батыр көшесі, 110)
2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 19:00-де Абай атындағы ҚазҰОБТ алдындағы алаңда 93-ші театр маусымының ашылуына және Алматы қаласының күніне орайластырылған «МҰРА» атты ауқымды Open-Air гала-концерті өтеді.
Үш сағатқа созылатын салтанатты кеш бағдарламасы опера, балет, симфониялық музыка, хор, джаз, этно және заманауи музыкалық бағыттарды тоғыстыратын 30 бірегей нөмірден тұрады. Музыкалық кеш көрерменге классикалық және ұлттық өнердің бай мұрасын заманауи сценография тілінде ұсынады.
Визуалды шоу және сценография: Концерт барысында 500-ден астам эксклюзивті сахналық костюмдер, театр ғимаратының қасбетіне бағытталған масштабты 3D-проекциялар, лазерлік инсталляциялар, сондай-ақ пиротехникалық және отты шоу элементтері қолданылады.
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы: Іс-шараның маңызды әлеуметтік-экологиялық бағыты – «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын қолдау. Концерттің сахналық безендірілуінде пайдаланылатын тірі ағаштар мен өсімдіктер шоу аяқталған соң Алматы қаласының көгалдандыруды қажет ететін шағын аудандарының біріне және театрдың айналасына отырғызылады.














